Henley & Partners 2025 жылғы паспорттар рейтингін жариялады
- авторjambylinfo.kz
- 13 наурыз, 2025
- 277

Әлемдегі ең ықпалды паспорттарды анықтайтын Henley Passport Index рейтингінің 2025 жылғы жаңартылған нұсқасы шықты, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Рейтинг бойынша ең әлсіз паспорттар Таяу Шығыс пен Африка елдеріне тиесілі. Ауғанстан азаматтары небәрі 25 елге, Сирия – 27 елге, ал Ирак тұрғындары 30 елге визасыз немесе жеңілдетілген тәртіппен бара алады. Бұл елдер ұзаққа созылған қақтығыстар мен тұрақсыздықтың салдарынан төмен көрсеткішке ие.
Сондай-ақ, аутсайдерлер қатарында:
Пәкістан (32 ел),
Йемен (32 ел),
Сомали (33 ел),
Непал (38 ел),
Ливия (39 ел),
Бангладеш (39 ел),
Палестина аумақтары (39 ел).
Солтүстік Корея мен Эритрея азаматтары 40 елге, ал Судан, Шри-Ланка және Иран паспорттары 42 елге визасыз немесе жеңілдетілген режимде сапарлай алады.
2025 жылы Сингапур әлемдегі ең ықпалды паспортқа ие ел атанды. Оның азаматтары 193 елге визасыз кіре алады. Екінші орында Жапония мен Оңтүстік Корея (190 ел), ал үшінші орынды Дания, Финляндия, Франция, Германия, Ирландия, Италия және Испания бөлісті (189 ел).
Қазақстанның паспорты әлемдік рейтингте қай орында?
Орталық Азия мен ЕАЭО елдері арасында ең қуатты паспорт Ресейге тиесілі – 114 елге визасыз кіруге мүмкіндік береді (45-орын). Одан кейінгі орындарда:
Беларусь – 80 ел (60-орын),
Қазақстан – 76 ел (62-орын, Эсватинимен тең),
Армения – 67 ел,
Қырғызстан – 63 ел,
Өзбекстан – 61 ел,
Тәжікстан – 56 ел,
Түрікменстан – 49 ел.
Қазақстан ТМД елдері арасында ортаңғы позицияда орналасқан, ал әлемдік рейтингте бірқатар Африка және Азия мемлекеттерімен қатар тұр.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Таразда «Қазақстан Барысы» іріктеу турнирі өз мәресіне жетті
- авторjambylinfo.kz
- 20 наурыз, 2025
Тоқаев Израиль президентімен телефон арқылы сөйлесті
- авторСадуақас Айсұлу
- 20 наурыз, 2025