Таразда жүргізуші куәліктерін заңсыз сатқан 7 тұлға сотталды
- авторСадуақас Айсұлу
- 13 наурыз, 2025
- 216

2023 жылдың қыркүйегінде облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері Тараз қалалық мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында (МХҚКО) жүргізуші куәлігін заңсыз сатқан адамдар тобын әшкереледі, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Облыстық прокуратура мәліметінше, 2023 жылдың қыркүйегінде облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында Тараз қалалық мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында (МХҚКО) жүргізуші куәлігін заңсыз сатқан адамдар тобын әшкереледі.
«МХҚКО-ның 2 қызметкері, 1 программист маман, 4 делдал алдын ала сөз байласу арқылы ақша қаражатына Жамбыл, Түркістан және Алматы облысының 21 тұрғынына заңсыз жүргізуші куәліктерін жасаған. Аталған азаматтар бұрын емтихан тапсыра алмай, көлік жүргізу құқығын алмаған
.Атап айтқанда, Тараз қалалық МХҚКО-ның қызметкері өзінің сыбайласы болып табылатын Алматы қалалық МХҚКО-ның программист-маманы арқылы Түркістан облысының тұрғынын практикалық емтихан тапсырмағанына қарамастан, емтиханнан сәтті өткенін ақпараттық жүйемен растаған.
Ал ақша емтихан тапсырушылардан 100 мыңнан 200 мың теңгеге дейінгі көлемде түрлі облыстардың делдардары арқылы Тараз қалалық МХҚКО-ның қызметкеріне жиналып, араларында өзара бөлінген. Осы тектес қылмыстық схема 20 азаматқа қатысты орын алған», - делінген хабарламада.
27.02.2025 жылы Тараз қалалық №2 сотымен МХҚКО-да заңсыз жүргізуші куәлігін сатқан адамдар тобына қатысты айыптау үкімі шықты.
Сот үкімімен кінәлі тұлғаларға 3,6 жылмен 4,6 жыл аралығында бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, шартты деп танылды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Сондай-ақ, қылмыстық қудалау органының талабы бойынша жүргізуші куәліктері жарамсыз деп танылды.
«Әке жолы – ізгі жол» атты қалалық әкелер форумы өтті
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда бірінші сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталады
- авторjambylinfo.kz
- 23 наурыз, 2025
Қазақстан елшілігі Түркиядағы азаматтарға үндеу жасады
- авторАяжан Дәулетбекқызы
- 23 наурыз, 2025