жексенбі, 19 мамыр, 2024 0:31

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Хитмэн әнші Кalifarniya 21 отбасыға баспана сыйлайды

Хитмэн әнші Кalifarniya 21 отбасыға баспана сыйлайды
Өнер иесі 21 қалада ән турын өткізіп, 21 отбасына үй тарту етпекші

Кalifarniya лақап атымен танымал Фархат Қалиев 8 сәуірде ел бойынша алғашқы ән турын бастайды, деп хабарлайды Jambylinfo. kz

Әншінің айтуынша,  алғашқы ән сапарын ерекше етіп өткізуді ұзақ ойлаған. 

"Бұл менің ең ауқымды гастрольдік сапарын болғалы тұр. Бұйырса, еліміздің 21 қаласын аралауды жоспарлап отырмын. Мен әр ән кешімде халықпен тығыз байланыс орнатқанды жақсы көремін. Сол себепті, әр қаладағы тыңдармандарыма тосын сый жасағым келді", -дейді ол. 

Ал оған 21 қаладағы ән кешінде 21 отбасына баспана сыйлау идеясын жұбайы айтқан екен. 

"Келіншегім Әнелдің идеясы бұл. Басында қалай болар екен? деген ой да, жүрексіну де болды. Бірақ Алла қолдап, тыңдармандарым демеп, бұл ниетімізге жетеміз деп ойлаймын, -деді Фархат Қалиев.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар