бейсенбі, 19 желтоқсан, 2024 10:16

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Әйелінің тегін алған қазақ жігіті елді таң қалдырды

Әйелінің тегін алған қазақ жігіті елді таң қалдырды
Сурет:Ашық дереккөзден алынды
Қазақстанның заңнамасына сәйкес ерлі-зайыпты некеге тұрғанда бір-бірінің тегін ала алады.

Мұндай тәжірибе елімізде сирек кездеседі. Дегенмен бұл шешімді саналы түрде қабылдайтын отбасылар да бар. Осы орайда қазақстандық ерлі-зайыптылар бір-бірінің тегін алғаны туралы TikTok әлеуметтік желісінде хабарлады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Әділет пен Аружан 2022 жылы үйленіп, некелерін қос фамилиямен тіркеген. Әділеттің айтуынша, бастапқыда Азаматтық хал актілерінің жазбалары кеңсесі (АХАЖ) қос текті тіркеу мүмкін емес екенін айтқан.

Жас отбасыдан неге мұндай шешімге келгенін сұрап білді.

"Біз ешкімді ренжітпес үшін осындай ортақ шешімге келдік. Оған екі нәрсе себеп болды. Біріншіден, "әйел тұрмысқа шыққаннан кейін күйеуінің тегіне көшуі керек" дейтін дәстүр біз үшін тым ескірген әрі қажетсіз болып көрінді. Әрине, бұл -тек біздің пікіріміз. Мен адамдардың таңдауын құрметтеймін. Шынайы еркіндік дегеніміз – адамдардың өзіне ыңғайлыcын әрі қалағанын жасай алуы. Себебі әйел өмір бойы өз аты мен тегі үшін жұмыс істейді. Олар тұрмысқа шыққаннан кейін дипломы мен біліктілігін растайтын құжаттарын, жарияланымдарын өзгертіп жүруге міндетті емес. Сол себепті қос тек алу туралы ортақ шешімге келдік", – деді ол.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар