сенбі, 10 мамыр, 2025 6:12

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

HR FORUM & JOB FAIR: Жас мамандар мен өндіріс өкілдері Таразда бас қосты

HR FORUM & JOB FAIR: Жас мамандар мен өндіріс өкілдері Таразда бас қосты
Фото: Jambylinfo.kz
Бүгін Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде «HR FORUM & JOB FAIR: Жас мамандарға жаңа мүмкіндіктер» атты екі күнге жоспарланған форумның екінші кезеңі өтті

Бұл жолы форум өндірістік бағытқа арналып, түлектер мен жұмыс берушілер арасындағы байланысты одан әрі нығайтуды көздеді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Ауқымды іс-шараның басты мақсаты – университет түлектері мен жұмыс берушілер арасында ашық диалог орнатып, пікір алмасуға, кәсіби тәжірибемен бөлісуге және нақты жұмыс мүмкіндіктерімен танысуға жағдай жасау.

Форумға спикер ретінде «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Жамбыл облысы бойынша филиалы, «Қазфосфат» ЖШС, «Отбасы банк» АҚ, «Банк ЦентрКредит» АҚ және Жамбыл облысы әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасының өкілдері қатысты.

Жиынның салтанатты ашылу рәсімінде университет ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Махметғали Сарыбеков сөз сөйлеп, форумға қатысушыларға сәттілік тілеп, мұндай кездесулердің маңызына тоқталды.

Форум аясында алғашқы болып сөз алған – «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Жамбыл облыстық филиалының директоры Еркін Атымтаев. Ол өз сөзінде өндірістік сектор мен жоғары оқу орындары арасындағы байланысты күшейтудің маңыздылығына назар аударды.

– Бүгінгі форум – университет пен өндіріс өкілдері арасындағы тиімді байланыс алаңы. Жас мамандардың еңбек нарығына бейімделуіне қолдау көрсету – баршамыздың ортақ міндетіміз, – деді Еркін Атымтаев.

Шара аясында қатысушылар өндірістік кәсіпорындардың кадрлық сұранысы, кәсіби тәжірибеден өту мүмкіндіктері, түлектерді жұмысқа қабылдау талаптары секілді өзекті мәселелерді талқылады. Сонымен қатар, студенттер мен жас мамандар өз сауалдарын қойып, компания өкілдерінен тікелей жауап алды.

Форум соңында бірнеше кәсіпорын мен түлектер арасында байланыс орнап, болашақта жұмысқа орналасу мүмкіндіктері қарастырылды.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар