жұма, 9 мамыр, 2025 21:41

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшісінен сенім грамоталарын қабылдады

Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшісінен сенім грамоталарын қабылдады
Фото: Ақорда
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді

«Ақорда» резиденциясында жеті мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілерінің Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын табыстау рәсімі өтті, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Сенім грамоталарын Беларусь Республикасының елшісі Алексей Богданов, Таиланд Корольдігінің елшісі Пияпин Нийомреркс, Молдова Республикасының елшісі Штефан Горда, Мьянма Одағы Республикасының елшісі Тит Линн Оун, Кения Республикасының елшісі Питер Мутуку Матуки, Албания Республикасының елшісі Блерта Кадзадеш, Италия Республикасының елшісі Антонелло де Риу тапсырды.

Мемлекет басшысы дипломаттарды Қазақстандағы миссияларының басталуымен құттықтап, еліміздің өзара мүддеге негізделген ынтымақтастықты дамытуға жан-жақты қолдау көрсететінін жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның бейбіт әрі көпвекторлы сыртқы саясат ұстанатынын айтты. Президенттің айтуынша, халықаралық қатынастарда диалог пен ықпалдастық қағидаттары басшылыққа алынуға тиіс және БҰҰ Жарғысын қатаң сақтау айрықша маңызды.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар