сенбі, 21 желтоқсан, 2024 23:34

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

ІІМ ата-аналарға үндеу жасады

ІІМ ата-аналарға үндеу жасады
Фото: polisia.kz
Олар ата-аналарды сақтық шарасын сақтауға шақырды

Ішкі істер министрлігі ата-аналарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz  Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

"Құрметті ата-аналар! Қалың қардың түсуімен бірге балалардың қауіпсіздігіне көңіл бөліңіз. Жолдың жанында шанамен сырғанау сияқты қысқы ойындар қауіпті болуы мүмкін. Балалар көбіне айналасындағы қатерді байқамайды және сырғанақтан тікелей жолға қарай шығып кетуі ықтимал. Бұл олардың жарақаттануына немесе жол-көлік оқиғаларына әкелуі мүмкін", - деді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.

Сондықтан балаларға негізгі қағидаларды түсіндіріңіз:

  • Тек тротуарлар мен жаяу жүргіншілер жолдарымен жүру керек;
  • Жолдың жанында ойнауға болмайды;
  • Жолды кесіп өту кезінде екі жаққа да қарау керек екенін үнемі еске салып отырыңыз.

"Қыста балаларды жүргізуші көретіндей ашық түсті, көзге көрінетін киім кигізіңіз. Балаларымыздың қауіпсіздігін бірге қамтамасыз етейік! Сіздің жанашырлығыңыз бен қырағылығыңыз көптеген жазатайым оқиғалардың алдын алады!" – деді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар