«80 келілік айна құлаған»: Отбасылық фотосессия кезінде 4 жастағы қыз ажал құша жаздады
- авторМағжан Орынбасар
- 13 қараша, 2024
- 467
Отбасылық фотосессия кезінде 4 жастағы қыздың үстіне 80 келі айна құлап, ажал құша жаздады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Almaty.tv тілшісінің жазуанша, отбасылық түсірілім жазатайым жағдаймен аяқтала жаздаған. Алматыдағы фотостудиялардың бірінде төрт жастағы қыз баланың үстіне 80 келі салмақтағы айна құлап, балдырған ауыр дене жарақатын алды, деп хабарлайды Бет-аузы жырылып, қанға боялып, миы шайқалған баланың анасы кәсіп иелерін қауіпсіздік шараларына селқос қарады деп айыптаса, фотостудия қызметкерлері ауыр жағдайға тап болған отбасынан сынған айна үшін өтемақы талап етіпті.
Отбасылық сурет жасауға келген Төлегеновтер әулеті фотосессия жүріп жатқан кезде ауыр гүрсіл мен шағылған әйнектің дыбысын естиді. Сөйтсе 80 келілік айна 4 жастағы Айланаға құлап, балдырған ауруханаға шұғыл жеткізілген. Оның беті мен қабағы жарылып, миы шайқалған, жаралары терең. Баланың анасы оқыс оқиғаға айнаны дұрыс қоймаған кәсіп иелерін кінәлайды. Бірақ жазатайым жағдайдан кейін отбасы фотостудия тарапынан ешқандай жауап ала алмаған. Жәбірленуші тарап «ауыр айна қабырғаға тек сүйеліп, бекітілмеген күйде тұрған, сондықтан кез келген жеңіл қозғалыс оны құлатуы мүмкін» дейді. Қызының ауыр жарақаттарынан кейін күйзелген отбасы заңгерлердің көмегіне жүгінді.
"Миы шайқалған, бетінде терең зақымдар бар, тыртықтар қалуы мүмкін. Олар фотостудияда қауіпсіздікті елемей жұмыс істеген. Айна қабырғаға бекітілмеген болса, онда неге ескерту жазып қоймайды. Сонда Айлананың отбасы сақ болар еді. Біз бұл істің Қылмыстық кодекс бойынша қаралуын талап ететін боламыз. Тек сол кезде балаға қосымша сараптамалар тағайындауға рұқсат береді", – деді жәбірленуші тараптың қорғаушысы Анна Чернова.
Оқыс жағдайдан соң қыздың анасы фотостудияға қайта оралып, иесімен сөйлесуге тырысқан. Алайда оның айтуынша, студия қызметкері кешірім сұраудың орнына айна үшін өтемақы талап етіп, дөрекі сөздер айтып, әйелді балағаттаған.
Төрт жастағы баланың ауыр жарақат алған суреттері желіге тарап, халық арасында қызу талқыға түсті. Бірі бұл жағдайға ата-ана жауапты десе, енді бірі фотостудияда қауіпсіздік талаптары сақталмағанын жазған.
Біз студия иесіне хабарласып, түйткілді мәселенің анық-қанығын сұрап, анықтағымыз келді. Бірақ қожайыны жауап беруден бас тартты. Бірнеше күннен кейін ресми жауап жазып, парақшасына жүктеді.
"Оқиға болған күні мен қыздың әкесімен хабарласып, көмек бергім келді. Келесі күні мен баланың анасына қоңырау шалып, медициналық шараларды төлеуді ұсындым. Баланың анасы басында келісті. Бірақ, екінші күні байланысқа шықпай қойды. Фотостудиядағы барлық жиһаздар реквизиттер, сондықтан олар мобильді. Бұл түсірілімді фотограф ұйымдастырған жоқ. Бізді әлеуметтік желіде қысымға алып жатыр", – деді фотостудия иесі Амина Рин.
Жалпы тұтынушылар мен қызмет көрсетушілер арасындағы заң түйткілдерінің аражігін ажыратып, дұрыс-бұрысын анықтау кей жағдайда оңай емес. Заңгерлердің айтуынша, ең басты фактор – қызмет алушының әрекетін дұрыс бағалау.
"Бізде тұтынушылардың құқығын қорғау туралы заң бар. Егер оны ашсаңыз, онда әр тармақта тауардың немесе қызметтің қауіпсіздігіне ерекше назар аударылады. Барлық жерде тұтынушы кәсіпкерден, сатушыдан, өндірушіден 10-баптан бастап 30-бапқа дейін қауіпсіз қызмет пен қауіпсіз тауар талап етуге құқылы делінген", – деді заңгер Олег Чернов.
"Аталмыш дерек бойынша, Медеу аудандық Полиция басқармасының полиция бөлімінде тергеу жүргізілуде. Алған дене жарақаттарының ауырлық деңгейін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды", – деді Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Ауыр жарақат алған балдырғанға бірнеше маманның медициналық көмегі қажет болуы мүмкін. Заңгерлер бұл істің Қылмыстық кодекстің 306-бабы бойынша тергелуін талап етеді.
Жамбылдық кәсіпкер 11 млн. теңге салық төлемеген
Ұқсас жаңалықтар
Еліміздегі 4 қалада ауа сапасы нашарлайтыны белгілі болды
- авторМағжан Орынбасар
- 11 желтоқсан, 2024