дүйсенбі, 14 шілде, 2025 20:38

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

ІІМ жол жүрісіне қатысушыларға үндеу жасады

ІІМ жол жүрісіне қатысушыларға үндеу жасады
polisia.kz
Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің әкімшілік полиция комитеті хабарлады

Ішкі істер министрлігінің әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев барлық жол жүрісіне қатысушыларға үндеу жасады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

- Құрметті отандастар! Жолдағы тәртіп бұл тек ереже емес, бұл — адамның өмірі. Әрқайсымыз — жүргізуші, жаяу жүргінші, ата-ана бұған жауаптымыз. Себебі жолда әр адамның артында тұтас отбасы, жақындары, тағдыры тұр. Соңғы жылдары елімізде жол апаты салдарынан болған адам шығының саны екі есеге азайды. Бұл — қоғамның ортақ нәтижесі. Бірақ біздің түпкі мақсат — адам өлімін мүлде болдырмау. Бір де бір жан жолда қаза таппауы тиіс. Сондықтан біз сіздерді қарапайым, бірақ маңызды қағидаларды ұстануға шақырамыз: — жылдамдықты асырмаңыз; — мас күйде көлік жүргізбеңіз; — жастарға үлгі болыңыз; — өзге жүргізушілерге және жаяу жүргіншілерге құрметпен қараңыз. Тәртіп — бұл шектеу емес, бұл қорған. Ол сізді және сіздің жақындарыңызды сақтайды. "Заң мен тәртіп" қағидаты жай ұран емес, бұл — әр азаматтың қауіпсіздігіне негіз болатын өмір салты. Заңға құрмет — қоғамға құрмет. Қауіпсіз жол — ортақ жауапкершілік. Әркім өз үлесін қосса, біз әрбір жолды шынымен қауіпсіз ете аламыз, - деді Қайсар Сұлтанбаев.

Аяжан Дәулетбекқызы
Автор

Аяжан Дәулетбекқызы

Аяжан Дәулетбекқызы

Ұқсас жаңалықтар