құрбандарды анықтау жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.
Соңғы мәліметтерге сәйкес, Испаниядағы су тасқынынан 155 адам қаза тапты. Табиғи апат құрбандарын анықтау әлі де жалғасып жатыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz NBC News басылымына сілтеме жасап.
Басылымның ақпаратынша, нөсер салдарынан болған су тасқыны Испанияның шығысы мен оңтүстігінде кемі 155 адамның өмірін қиды. Оған қоса, табиғи апаттың кейбір құрбандары көліктерде қалып қойғаны анықталды. Бұған дейін желіде су тасқынынан зақымданған көліктер бейнеленген суреттер тарап кеткен еді.
"Өкінішке орай, кейбір көліктерде қаза тапқан адамдар бар", - деді Испанияның көлік министрі Оскар Пуэнте.
Валенсия өңіріндегі апаттық қызмет өкілдері алдын ала мәлімет бойынша қаза тапқандардың саны 155 адамды құрағанын хабарлады.
Келесі мақала
Тоқаев Қарағанды облысының әкіміне сөгіс берді
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
«1 млн. 107 600 теңге»: Жамбылдық ұстаздар ақшалай сыйақыға ие болды
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024