Спорт
«Спорт саласындағы былық». Жаттықтырушы жарысқа бармаған спортшының есебінен қаржы жымқырған
- авторМағжан Орынбасар
- 1 қараша, 2024
- 325
Бюджеттен заңсыз алынған қаржы 6 миллион теңгеге жуықтайды
Қостанайлық жаттықтырушы жарысқа бармаған спортшының есебінен қаржы жымқырған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қостанай облысының прокуратурасымен бюджет қаражатын ұрлау туралы қылмыстық іс бойынша айыптау актісі бекітілген.
- Тергеу барысында 2022 жылдың қазанынан 2024 жылдың қаңтарына дейін Қостанай облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының «Жоғары спорт шеберлігі мектебі» КММ балалар мен жасөспірімдер командалары арасында шорт-трек бойынша жаттықтырушы өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, алымдар мен жарыстарға іс жүзінде бармаған адамдарды заңсыз көрсету жолымен шығындардың нақты сомасын ұлғайта отырып, жалған аванстық есептер құрастырғаны анықталды.Жаттықтырушы түскен ақшаны өзіне игерді. Ұрланған бюджет қаражатының сомасы 5,9 млн теңгені құрады,- делінген хабарламада.
Кейіннен ұрланған ақша қаражатын депозиттік шотқа аудару арқылы заңды айналымға еніп, ай сайынғы сыйақы9,6% пайыздық мөлшерлеме алынып отырған.
Депозит бойынша пайыздық сыйақы түріндегі жария етілген қылмыстық кіріс сомасы 613,1 мың теңгені құраған.
- Оның әрекеттері Қылмыстық кодекстің 189-бабының 3-бөлігінің 1-тармағы (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті қызметтік жағдайын пайдалана отырып, ірі мөлшерде ұрлау) 218-бабының 1-бөлігі (ақшаны заңдастыру (жылыстату), яғни конверсия түрінде мәмілелер жасау арқылы қылмыстық жолмен алынған ақшалай қаражатты заңды айналымға тарту) бойынша сараланады.Санкция баппен алты жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, мүлкі тәркіленіп, жеті жылға бас бостандығынан айыру түріндегі ең жоғары жазаны көздейді,- делінген прокуратура мәлімдемесінде.
Қылмыстық іс Қостанай қаласының №2 сотына жолданды.
Келесі мақала
Испаниядағы су тасқынынан 155 адам қаза тапты
Ұқсас жаңалықтар
Спорт
Футбол федерациясының жаңа президенті болып Марат Омаров сайланды
- авторМағжан Орынбасар
- 20 желтоқсан, 2024
Спорт
Президент гимнастика федерациясының президенті Әлия Юсупованы қабылдады
- авторМағжан Орынбасар
- 20 желтоқсан, 2024