Жаңалықтар
Италия премьер-министрі Джорджа Мелони Қазақстанға сапарын кейінге шегерді
- авторСадуақас Айсұлу
- 23 сәуір, 2025
- 259

Оған себеп Италия Үкіметінің басшысы Джорджа Мелони Рим Папасы Францискті жерлеу рәсіміне қатысады.
Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
"Италия тарапының өтініші бойынша премьер-министр Джорджа Мелонидің 26-27 сәуір күндері Қазақстанға жоспарланған ресми сапары мен "Орталық Азия - Италия" алғашқы саммитіне қатысуы кейінге шегерілді. Себебі Италия үкіметінің басшысы Рим Папасы Францискті жерлеу рәсіміне қатысады. Сапардың уақыты қосымша хабарланады", - делінген Ақорданың хабарламасында.
Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 26-27 сәуір күндері Италия Премьер-министрі Джорджа Мелони Қазақстанға ресми сапармен келетінін хабарлаған едік.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Мемлекет басшысы алдағы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
- авторСадуақас Айсұлу
- 4 шілде, 2025
Жаңалықтар
Елорда күніне байланысты ХҚКО-лар уақытша жұмысын тоқтатады
- авторСадуақас Айсұлу
- 4 шілде, 2025