Жамбыл облысы, Қордай ауданы бойынша ауылдарды газдандыру кезең-кезеңімен іске асырылып жатқаны белгілі. Енді осы газдандырудың келесі кезеңі іске асып, соның аясында шалғайдағы елді мекендерді табиғи газға қосу жұмыстары жүргізілуде. Осы орайда, Қаракемер ауылдық округіне қарасты Керу ауылының тұрғындары көгілдір отынның игілігін көреді деп күтілуде. Бұл шалғай орналасқан елді мекен тұрғындары үшін жағымды жаңалық болып табылатыны даусыз.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Аса маңызды мәселелердің бірі – ауылды кешенді түрде дамыту. Ауылдарға нақты қолдау көрсетіп, заманауи инфрақұрылымды дамытуымыз керек», деген болатын. Аудан тұрғындарына ең қажетті ауыз су, газ тарту, жол салу секілді мәселелер кезең-кезеңімен шешімін табуда. Осыған дейін аудан әкімінің жыл сайынғы есептік кездесуінде ауыл халқының көтеріп жүрген ең өзекті мәселесі ауылға көгілдір отын тарту болатын. Қазіргі таңда, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тарапынан мердігерлік мекеме анықталып, «Стальпром» жеке кәсіпкерлігі тиісті жұмыстарды өз міндетіне алды.
«Аталмыш елді мекенде ауылішілік жүргізілетін газ құбырының жалпы ұзындығы 2,8 шақырым, ал бір абоненттің газга қосылу құны 450 мың теңгені құрайтын болады», – дейді аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ануар Абсеитов. Көгілдір отынмен жылытылатын пешті сөніп қалады-ау деп уайымдап, үнемі қадағалап отырудың қажеті жоқ. Үйді бір рет жылытқаннан кейін өзіңіз қалаған температураға қойып алуға болады. Қазіргі заманғы газбен жабдықтау құрылғыларында адамға ыңғайлы барлық жағдай ойластырылған. Қажет болса, үйдің температурасын көбейтуге не азайтуға болады. Сондай-ақ құрылғының басқару тетіктері арқылы газ деңгейін бақылауға, қандай да бір апаттық жағдай туындаса, газды дереу тоқтатуға мүмкіндік бар. Әрі бұл ауыл халқының тұрмыстық жағдайын жақсартып, ауданның дамуына тың серпін берері сөзсіз. Ең бастысы көгілдір отынды пайдаланатын күн жақын.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
«1 млн. 107 600 теңге»: Жамбылдық ұстаздар ақшалай сыйақыға ие болды
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024