жексенбі, 6 қазан, 2024 14:26

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Үлгілі аула» байқауы өтті

«Үлгілі аула» байқауы өтті
mayak1932.kz
2024 жылдың 5 қыркүйегінде Қордай ауданының Масаншы ауылында «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Үлгілі аула» атты байқау ұйымдастырылды. Бұл шара ауыл тұрғындарының қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілігін арттыру, тазалық пен тәртіпті сақтауға ынталандыру мақсатында өткізілді.

Конкурсқа қатысушылар өз аулаларын ерекше сәндеп, тазалық сақтауда үлгі көрсетті. Әр ауладағы тазалық, көгалдандыру және декорациялау жұмыстары әділ қазылар тарапынан бағаланды. Тұрғындар өз аулаларын түрлі гүлдермен, сәндік бұталармен әшекейлеп, тіпті кейбіреулері ұлттық нақыштағы декоративті элементтерді қолданды.

Қорытынды бойынша, ең үздік деп танылған аулаларға жүлделі орындар беріліп, жеңімпаздар арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ал, бас-ты жүлдені М.Масанчи көшесі, 51 үйдің тұрғыны Юсуф Беква иеленді. Оның ауласы Масаншыдағы үздік аула атанды.

«Масаншы ауылы тұрғындарының айналысатын негізгі кәсібі – егіншілік, бау-бақша болғандықтан, байқау жеңімпазын анықтауға да біраз уақыт кетті. Тұрғындардың басым көпшілігінің аулаларынан көгалдандыру жұмыстарын көруге болады. Біз әділ қазы алқаларымен келісе отырып, ауылдың қоғамдық жұмыстарына да белсенді қатысып жүрген азаматты таңдадық», — деп атап өтті ауылдық округ әкімі Хусейн Буларов.

Масаншы ауылының тұрғындары арасында тазалық пен абаттандырудың маңыздылығын арттыруға үлес қосқан бұл шараны өткізу дәстүрге айналмақ.

Айта кетейік, «Үлгілі аула» байқауы сәуір және шілде айларында Қордай ауылында өтіп, көпке үлгі болған үйлер анықталған болатын. Алдағы уақытта  аталған байқау аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес Қордай ауданының барлық ауылдық округтерінде ұйымдастырылатын болады.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар