сәрсенбі, 7 мамыр, 2025 10:23

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Көкпар федерациясының жаңа президенті тағайындалды

Көкпар федерациясының жаңа президенті тағайындалды
Фото: instagram.com/a1darbek
16 сәуірде Астанада Республикалық көкпар федерациясының кезектен тыс конференциясы өтті

 Жиында ұлттық спорт түрінің жаңа даму кезеңі бекітіліп, өткен жылдың қорытындылары мен алдағы жоспарлар таныстырылған, -  деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Отырыс барысында федерацияның өткен жылға қорытындысы тыңдалып, биылға жоспары айтылды. Сонымен қатар Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Еркебұлан Ілиясов Көкпар федерациясының жаңа президентін тағайындау туралы ұсыныс білдіріп, Айдарбек Қожаназаров сайланды.

«Бауыржан Әбдірашитұлы өз еркімен құзыреттілігін тоқтатты. Саланың дамуына қосқан үлесіңіз үшін алғыс білдіремін. Осыған орай қазіргі Мәжіліс депутаты, Көкпар Федерациясының құрметті Президенті, ұлттық спорттың басы-қасында жүрген Айдарбек Қожаназаров сайланды», - деді Ілиясов.

Өз кезегінде көкпар федерациясының жаңа президенті сенім білдірген жандарға алғыс айтып, саланың дамуы үшін еңбек ететінін жеткізді.

 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар