бейсенбі, 8 мамыр, 2025 1:16

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Мемлекет басшысы ҚХА Төрағасының орынбасарларын қабылдады

Мемлекет басшысы ҚХА Төрағасының орынбасарларын қабылдады
Фото: Ақорда
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының жаңадан тағайындалған орынбасарлары Дмитрий Останькович пен Расул Ахметовті қабылдап, қызметтеріне табыс тіледі, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Президент қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік саясатты жүзеге асыру ісінде ҚХА ерекше рөл атқаратынын атап өтті.

Кездесу барысында Президентке Ассамблеяның алдағы XXXIV сессиясына дайындық барысы және аталған институттың 30 жылдығы аясында өткізілетін іс-шаралар туралы ақпарат берілді.

Мемлекет басшысы мерейтойлық іс-шараларды ұйымдастыруға Ассамблеяның барлық этномәдени бірлестіктері мен қоғамдық құрылымдарын кеңінен тарту маңызды екеніне назар аударды.

Кездесу соңында Президент этносаралық қатынастарды одан әрі жетілдіру бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар