жұма, 9 мамыр, 2025 11:51

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылдық ақын Інжу Жаңабай республикалық айтыста бас жүлде алды

Жамбылдық ақын Інжу Жаңабай республикалық айтыста бас жүлде алды
Фото - ашық дереккөз
Ауқымды өнер бәйгесі Қызылорда қаласында өткен

Жамбылдық жас айтыскер ақын Інжу Жаңабай республикалық оқушылар айтысында бас жүлде жеңіп алды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Қызылорда қаласының әкімдігі ұйымдастырған "Көктем нұры" атты мәдени шараға еліміздің бірнеше өңірінен оқушы айтыскерлер қатысты.

Айтысқа Қайнар Алагөзов, Мамыр Байдәулетов бастаған, Айнагүл Әбуова қостаған ақындар қазы болуы, айтысты белгілі ақын Ақжол Түменбай жүргізуі жыр бәйгесінің бағасын биіктетті.

Іс шараны Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары ашып, ақындарға сәттілік тіледі.

Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиылған жас ақындар әдемі айтыс жасап, ел ықыласына бөленді.

Осылайша қазылар алқасының шешімімен бас жүлде жамбылдық Інжу Жаңабайға берілсе, жүлделі бірінші орынға  Нұрахмет Бағдатұлы лайық деп танылды. Екінші орынды шымкенттік Аяттулла Мәжит еншілесе, ал үшінші орынды Мұхамедәли Абдуллаев пен Салтанат Жаппасбаева өзара бөлісті .

Аталған республикалық "Көктем нұры" атты айтыс биыл оныншы рет өткізіліп отыр.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар