
Ақмола облысының полицейлері өртке оранған пәтерде түтінге уланып, есінен танып қалған ер адам мен баланы аман алып қалды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
23 наурыз кешке Көкшетау қаласындағы "Жеңіс" шағын ауданында өрт шыққаны туралы 102 нөміріне қоңырау түсті.
Оқиға орнына екі-үш минут ішінде учаскелік көмекші Сағындық Құрмантаев жетті. Тұрғындар есікті ашуға тырысып жатқанымен, іштен ешқандай дыбыс шықпаған. Осы кезде үйдің алдында тұрған егде жастағы ер адам ішінде оның ұлы мен немересі бар екенін, бірақ кілті жоқ екенін айтқан.
Есікті ашқан соң, бетіне суға малынған мата жауып, полиция қызметкері ішке кірді. Ол дәлізден түтінге тұншығып, есінен танып қалған 8 жасар баланы тауып, сыртқа алып шықты. Одан сәл әріде, кіреберістен бір жарым метр қашықтықта ес-түссіз жатқан ер адамды байқады.
Осы сәтте көмекке кинолог Артем Шмидт пен өрт сөндірушілер жетіп, эвакуацияға қатысты.
Қазір ер адам мен бала жансақтау бөлімінде жатыр.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз