дүйсенбі, 24 наурыз, 2025 0:01

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Көпбалалы отбасы: Береке мен табыстың негізі

Көпбалалы отбасы: Береке мен табыстың негізі
Фото: Jambylinfo.kz
Жиында отбасы құндылықтары, ана денсаулығы, отбасы мүшелерінің бірлігі, әйелдің қоғамдағы рөлі мен әлеуметтік жағдайын жақсарту мәселелері талқыланды

«AMANAT» партиясы Жуалы аудандық филиалының Әйелдер қанаты «Саламатты, табысты көпбалалы отбасы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Іс-шараның басты мақсаты – көпбалалы отбасылардың, әсіресе аналардың өзекті мәселелерін ашық талқылау, сондай-ақ табысты отбасы болудың жолдары мен олардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған ұсыныстарды ортаға салу.

Дөңгелек үстелге «AMANAT» партиясы облыстық филиалы төрағасының кеңесшісі Рахия Тұрмаханбетова, облыстық Әйелдер қанатының кеңесшісі Дәмеш Ускумбаева, аудан әкімінің орынбасары Анар Ахметова, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Марат Нарымбеков, көпбалалы аналар мен іскер әйелдер қауымы қатысты.

Алғашқы сөзді Әйелдер қанатының төрайымы Эльмира Абишева алып, жиынды ашты. Шара барысында қатысушылар өзара пікір алмасып, тәжірибелерімен бөлісті. Қазақ әйелдері тек отбасының берекесін кіргізетін жан ғана емес, сонымен қатар қоғамдағы өзгерістердің белсенді мүшесі екендігі де ерекше атап өтілді.

Сонымен қатар, аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары арнайы концерттік бағдарлама ұсынып, жиналғандарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Жиын соңында әр салада жемісті еңбек етіп жүрген бірқатар азаматша арнайы номинациялармен марапатталып, оларға сый-сияпат табыс етілді.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар