дүйсенбі, 24 наурыз, 2025 2:30

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жұманғарин картоп мәселесіне байланысты шенеуніктерге сөгіс жариялады

Жұманғарин картоп мәселесіне байланысты шенеуніктерге сөгіс жариялады
Үкіметтің баспасөз қызметі
Оның айтуынша, Үкімет азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында бірқатар шара қабылдағанымен, жергілікті биліктің бақылауы әлсіз

Вице-премьер кейбір облыстардың әкім орынбасарларына картоп қорларын дұрыс қадағаламағаны үшін ескерту жасады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

«Мәселен, асыл тұқымды малдарды экспорттауға тыйым салынды, картопты үшінші елдерге экспорттауға алты айға шектеу енгізілді, импорттық тауық жұмыртқаларын әкелуге тыйым енгізіледі. Дегенмен, жергілікті атқарушы орган тарапынан тиісті бақылау болмаса, қабылданған шаралардың нәтижелері тиісті әсер бермейді», - деді вице-премьер. 

12 наурыздағы дерекке сәйкес, тұрақтандыру қорларында 41 мың тонна картоп бар деп есеп берілген. Алайда тексеру барысында кейбір өңірлердегі мәліметтер шындыққа сай келмейтіні анықталды.

Мәселен, Маңғыстау облысының әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы қорда 2,5 мың тонна картоп бар деп көрсетсе, тексеру кезінде небәрі 25 тонна табылған. Дәл осындай сәйкессіздіктер Шығыс Қазақстан, Атырау, Абай, Жамбыл, Ұлытау және Батыс Қазақстан облыстарында да тіркелген.

Қазіргі уақытта Қазақстанға Пәкістан мен Қытайдан арзан бағамен картоп жеткізу жұмыстары жүргізілуде. Осы күнге дейін 4 мың тоннадан астам картоп импортталды, тағы 700 тонна жолда.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар