Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтың қайда екендігін айтты, деп хабарлайды jambylinfo.kz "Қазақпарат" сайтына сілтеме жасай отырып.
Мәжілістің жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдері министрден: «Оның қандай да бір іс-шараға қатысқаны туралы ақпарат тарады, сурет те бар. Бұл ақпарат қаншалықты рас әлді фейк пе? Неліктен оның түрмеде отырғанына қатысты бірде-бір сурет не видео факті жоқ?», - деп сұраған еді.
Осы орайда министр ҰҚК-ның бұрынғы төрағасы түрмеде отырғандығын баса айтты.
«Біз барлық сотталушыны көрсете алмаймыз. Ол сотталды, бас бостандығынан айыру орнында», - деді Ержан Сәденов.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Қазақтілді оқушылардың орыстілділерден сауаты төмен - зерттеу
- авторjambylinfo.kz
- 15 қазан, 2024