Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасына жаңа бас бапкер тағайындалды
- авторСадуақас Айсұлу
- 8 сәуір, 2025
- 241

Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкері болып Лола Әділбекова тағайындалды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Лола Исламқұлқызы Әділбекова – халықаралық дәрежедегі спорт шебері, әлем чемпионаттарының қатысушысы және 2002 жылғы Азия ойындарының командалық жарысындағы күміс жүлдегер.
Бапкерлік қызметін 2010 жылы Шымкент қаласында бастаған Әділбекова, соңғы жылдары Шымкент қаласының аға жаттықтырушысы қызметін атқарған.
Лола Әділбекова бапкер ретінде халықаралық аренада көптеген талантты спортшыларды дайындады. Олардың қатарында Азия чемпионы Даяна Әбдірбекова, Олимпиадаға қатысушы Роза Әбитова, әлем чемпионатының финалисі Эльжана Таниева және 2023 жылғы Азия ойындарының жүлдегері Милана Парфилова бар.
Лола Әділбекова бұл қызметті Қазақстан гимнастика федерациясының президенті ретінде өз жұмысын жалғастыруды жоспарлап, бас бапкер лауазымынан кеткен Әлия Юсупованың орнына тағайындалды.