Кәсіпкерлердің көтерген мәселесі біреу ғана – тендердің әділ өтуі. Шығыстағы белгілі кәсіпкер Ержан Сқақов облыстық әкімдіктің өкілдері қойған шартпен келіспеген. Содан берікомпаниясы тендерден негізсіз қағылып қалыпжүр. Жалпы, соңғы жылдары өңірде мемлекеттік сатып алуға қатысты дау өршіп келеді. Өйткені облыс әкімдігі тендерді өздерімен жұмыс істеуге ыңғайлы кәсіпкерлерге ғана беретін көрінеді.
– Тендердің облыстық әкімдікке жақынжүретін азаматтарға ғана беріліп жатқаны дұрыс емес. Ал бұл туралы ашық айтқандарға қатысты қылмыстық іс қозғау ақылға сыймайды, – дейді кәсіпкер Рафаиль Хазипов.
Рас, кәсіпкерлер тарапынан өңір басшылығына шағым көп. Мысалы, Семейде қатты-тұрмыстық қалдықтар полигонын салу үшін мүлдем тиімсіз несие рәсімдегілері келген. Ол үшін 8 млрд теңге емес, өзге облыстардағыдай 2 млн теңгемен-ақ жұмыс істеуге болар еді деп есептейді дөңгелек үстелде бас қосқандар. Радиологиялық кешеннің құрылысына әу баста 6,5 млрд теңге бөлінген еді. Кейін тағы осындай мөлшерде қаржы бөлген екен. Семейдегі радиологиялық орталыққа диагностикалық қондырғыларды жеткізуге жауапты компания басшылығы да бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне өз пікірін білдірді. Айтуларынша, соңғы 6-7 жылдан бері атқарған жұмыстары үшін 2,5 млрд теңге қаржысын әлі ала алмай жүр. Сотта да жеңіп шыққан, бірақ бәлендей нәтиже жоқ.
– Бар дүниеге екінші рет қайта қаржы бөлінген. 6,5 млрд теңге. Аз ақша емес. Не себептен бөлінді? Неліктен осы күнге дейін жаңағы нысанда жұмыс аяқталмаған? Ақша қайда кетті? Біздің ақшамыз қайда? Айта берсек, сұрақ өте көп, – дейді «Медтехника» АҚ бас директорының міндетін атқарушы Бахтияр Сәпиев.
Сонымен қатар жыр болған Семейдегі жылу энергия орталығының құрылысына қатысты мәселе де көтерілді. Инвестициялық келісімшарт ірі түрік фирмасының қолында болғанымен, сот арқылы ол бұзылған. Ал қала тұрғындары қыста қазандықтан шыққан будақ-будақ қара түтіннен тұншығып жатады. Оның үстіне көптеген үйге жылу да жетпейді.
– Семей халқы үшін қазандық ауадай қажет. Қыста қар беті қап-қара болып жатады. Оңжағалауда ғана 48 қазандық бар еді. Бүгінде біразы қысқартылды. Қазандықтар ешқандай сүзгісіз жұмыс істейді. Шығарындылар кәдімгідей ауаға тарап жатыр, – дейді инвестор компанияның өкілі Олжас Есенғарин.
Есте болса, былтыр Өскемендегі бизнесмендер тендерге қатысты шағым айтқан-тұғын. Биыл Семейдегі бір топ кәсіпкер облыс әкімінің жұмысына көңілі толмайтындарын жеткізді. Пікір білдіріп қана қойған жоқ, Мемлекет басшысынан көмек сұрап ашық хат жолдады. Ал облыс әкімінің кеңесшісі Ермак Сәлімов әрбірдаулы мәселе сотта қаралуы керектігін айтты.
– Мен осы компанияның басшылығыментаныспын. Бұрынғы жоба бойынша олар Семей қаласында мемлекет-жекеменшік әріптестікпен бес балабақша салуға ниет білдірген. Келісімшарт бар. Біз оларға жер бердік. Олардың құқық белгілейтін құжаттары да жоқ емес. Алайда олар жұмысқа кіріскен жоқ. Содан кейінгі жоба – жылу қазандығы еді. Міне, жауап. Мәселені тек заң { "@context": "https://schema.org", "@type": "WebSite", "@id": "https://jambylinfo.kz/#website", "url": "https://jambylinfo.kz/", "name": "Кәсіпкерлер тендерден неге қағылады?", "potentialAction": { "@type": "SearchAction", "target": "https://jambylinfo.kz/search?query={search_term_string}", "query-input": "required name=search_term_string" } }
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз