Каспий теңізінің тартылуы: Тереңдету жұмыстарына 42 млрд теңге бөлінді
- авторjambylinfo.kz
- 18 ақпан, 2025
- 174

Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов депутаттық сауалға берген жауабында мәлімдеді. Ол Каспий теңізінің тартылу мәселесіне тоқталып, оны тереңдету үшін бюджеттен 42 млрд теңге қарастырылғанын жеткізді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ақтау порты аймағындағы теңіз түбін тереңдету жұмыстарына биыл 20,6 млрд теңге бөлінеді. Депутаттардың айтуынша, Транскаспий халықаралық көлік бағытының (Орталық дәліз) дамуы стратегиялық маңызға ие. Бұл бағыт Ресей мен Беларусь арқылы өтетін Солтүстік дәлізге балама ретінде қарастырылады. Алайда Каспий теңізі деңгейінің төмендеуі бұл дәліздің толыққанды жұмыс істеуіне кедергі келтіруде.
Соңғы 1,5 жылда теңіз деңгейі 50 метрге төмендеген. Нәтижесінде кемелер мен танкерлерге тиелетін жүк көлемі 150-200 тоннаға дейін қысқаруда.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз