
Елімізде 594 блогер 53,3 млрд теңге кірісін жасырған, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Мемлекеттік кірістер комитеті әртүрлі дереккөздерден алынған мәліметтерді салық декларацияларының деректерімен салыстыру нәтижесінде 594 тұлғада 53,3 млрд теңгеге сәйкессіздіктер анықтаған.
Осыған байланысты, 13-14 ақпан күндері аралығында "кірістерді төмендету" бұзушылықтары бойынша камералдық бақылау хабарламалары жіберілген.
"Бұл хабарламаларды орындау үшін тұлғалардан не қосымша есептелген салықтарды төлей отырып, жаңартылған салық есептілігін тапсыруы, не хабарламаға келіспеушілігін дәлелдейтін түсіндірме ұсынуы талап етіледі. Хабарламаның орындалу мерзімі 30 жұмыс күнін құрайтынын ескеру керек", – делінген Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарламасында.