Үкімет азық-түлік инфляциясын тежеу үшін аймақтарда көкөніс қорларын пайдалануды тапсырды
- авторjambylinfo.kz
- 9 желтоқсан, 2024
- 352
Үкімет жаңа жыл қарсаңында бағаны ұстап тұру үшін аймақтардағы тұрақтандыру қорларынан өнімдер алу басталды. Бұл жайында Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Үкіметтегі кеңесте айтылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Азық-түлік инфляциясын тежеу үшін аймақтарда көкөніс қорлары пайдаланыла бастады. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, 159,6 мың тонна көкөніс қорының 13,4 мың тоннасы сатылды. Ең көп сатылғаны — картоп (7,2 мың тонна), сәбіз — 2,1 мың тонна, пияз — 2,2 мың тонна, қырыққабат — 1,7 мың тонна.
Серік Жұманғарин Ауыл шаруашылығы министрлігіне аймақтармен бірлесіп, негізгі азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандырды тапсырды.
«Жаңа жыл қарсаңында негізгі азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыруға, жылыжайда өсірілген көкөністердің олардың жеткілікті мөлшерде сауда сөрелерінде болуын қамтамасыз етуді тапсырамын. Тұрақтандыру қорларында осы уақытқа дейін жинақталған азық-түлік қорын өңір нарықтарына жеткізу және оны ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері арқылы сатылымға шығару тұрғындарды жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етуге әрі көкөніс және басқа өнімдерді қолжетімді бағада сатуға мүмкіндік береді. Бұл шаралар жаңа жыл алдындағы негізгі азық-түлік өнімдері бағасының күрт өсуін тежеуге бағытталған», -деді Серік Жұманғарин.
Сонымен қатар жиында 11 айдағы инфляция қорытындылары мен 2024 жылғы болжамдар қаралды.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
4 күндік жұмыс аптасы енгізіліп жатыр
Ұқсас жаңалықтар
Ербол Қарашөкеев: «Тойымыз кішігірім асханада өтті»
- авторСадуақас Айсұлу
- 18 желтоқсан, 2024
Қайсар Бекенов ҚФФ басқарушы директоры қызметіне тағайындалды
- авторСадуақас Айсұлу
- 18 желтоқсан, 2024