Жаңалықтар
Кірістер комитеті блогерлерге жіберген салық хабарламалары қате екенін мойындады
- авторjambylinfo.kz
- 22 ақпан, 2025
- 262

Комитеттің мәлімдеуінше, бұл шешім хабарламаларды жіберу және өңдеу барысында кеткен техникалық ақаулардың болуына байланысты қабылданған
Органдағылар 543 блогердің 93-іне техникалық ақауларға байланысты хабарламалар кетіп қалған деп отыр, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
«Жалпы сомасы 9,8 млрд теңгеге тең 93 блогерге жіберілген 169 хабарламаны кері қайтарып алынды. Хабарламалардың күшін жою себебі оларды жіберу және өңдеу процесінде техникалық ақаулар пайда болған», – деп жазылған ведомство хабарламасында.
13-14 ақпанда мемлекеттік кірістер комитеті 600-ге жуық танымал тұлғаға салық ескертулерін жіберді. Әнші, кәсіпкер, журналист тәрізді тұлғалар 2022-2023 жылдар аралығында салық есебін дұрыс бермей, миллиондаған кірісін көрсетпеген деді.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз