Президент Сауд Арабиясын мемлекеттік мерекесімен құттықтады
- авторjambylinfo.kz
- 22 ақпан, 2025
- 190

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбделазиз Әл Сауд пен Тақ мұрагері, Премьер-министр ханзада Мұхаммед бен Салманға Корольдіктің негізі қаланған күнмен құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Мемлекет басшысы жеделхаттарында Сауд Арабиясының халықаралық аренада беделді, экономикасы қарқынды дамыған мемлекет ретінде танылғанын атап өтті. Сондай-ақ, Корольдік Қазақстанның ислам және араб әлеміндегі сенімді серіктесі екенін жеткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы достық пен саяси диалогтың нығая түсетініне сенім білдіріп, бұл ынтымақтастықтың сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі дамытуға серпін беретінін айтты.
Президент Сауд Арабиясының басшыларына жауапты қызметтерінде табыс, ал ел халқына амандық пен өркендеу тіледі.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз