Әли Алтынбаев – Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды
- авторjambylinfo.kz
- 16 қыркүйек, 2024
- 262
Мемлекет басшысының өкімімен Әли Сапарғалиұлы Алтынбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
1979 жылы Алматы облысында дүниеге келген.
Еңбек жолын 2001 жылы Еңбекшіқазақ ауданы бойынша Салық комитетінің жанама салықтар бөлімінің салық инспекторының м. а. қызметінен бастаған.
2019-2020 жылдары — ҚР ҚМ МКК Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары.
2020-2021 жылдары — ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитеті Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басшысы.
2021 жылғы наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басшысы қызметін атқарды.
2021 жылдың 12 мамырынан бастап – ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы.
2022 жылғы 9 маусымда Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары болған.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз