Әлімжеттіктің кесірінен сарбаз жансақтау бөлімінде жатыр
- авторjambylinfo.kz
- 10 маусым, 2024
- 933
Ол Қордай ауданы Отар қалашығындағы 30212 әскери бөліміне қабылданған. Бір үйдің жалғыз ұлы 6 маусым күні ауруханаға түскенімен, анасы ол туралы тек 9 маусым күні естіген. Әскери емхана Нұржігіттің жағдайы жедел нашарлауына байланысты жедел-жәрдеммен аудандық көпбейінді ауруханаға жіберген. Құқық қорғау органдары Қылмыстықтық кодекстің 451 бабы 1 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтады. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр.
«9 маусым күні сағат 16:30 шамасында хабарласып, баламның Қордайдың орталық ауруханасына ауыр жағдаймен жеткізіліп, жансақтау бөліміне түскенін айтты. Балам қазір ИБЛ аппаратына қосылған, ес-түссіз жатыр. Алғашында әскери емханаларына өз аяғымен келген. Сол кезде қабылдаған дәрігерге кіші сержант Тұрлан Дастан ұрғанын айтқан. Іштен ұрған соң, іші ауырып, дәрігерге дәрі сұрап барған. Сосын жағдайы нашарлап орталық ауруханаға жөнелтілген. », - дейді анасы. Сарбазға оң жақ өкпенің жоғары және ортаңғы бөліктік пневмониясы деген диагноз қойған бірақ, денесінде көгерген іздері бар ұлдың анасы бұл диагнозбен келіспейді. Жалғыз ұлының жағдайына алаңдаған ана кінәлілердің заң алдында жауап беруін талап етуде.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
«1 млн. 107 600 теңге»: Жамбылдық ұстаздар ақшалай сыйақыға ие болды
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024