Таразда «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы жалғасып жатыр
- авторИндира Тәліпқызы
- 10 маусым, 2024
- 394
Бүгін облыс орталығында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында қала аумағы тазаланды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Акцияға қаланың мәдениет, спорт саласының өкілдері, жастар, еріктер, қала тұрғындары және «Жасыл ел – Тараз» мекемесінің қызметкерлері, бас-аяғы 500-ге тарта адам қатысты. Тазалық жұмыстары бірнеше жерде қатар жүрді.
Атап айтқанда, «Мамыр» тоғайында санитарлық-тазалық жұмыстары жасалып, күл-қоқыстан, жабайы шөптерден тазаланды.
Сонымен қатар Б.Момышұлы көшесінің бойындағы аялдамаларды сырлау, жуу жұмыстары ұйымдастырылса, «Ұлы дала» ықшам ауданында аумақ тұрғындары тазалық жұмыстарын жүргізіп, ағаш көшеттерін екті. Сондай-ақ, еріктілер «Әулие бұлақ» каналының бойын тазалады.
Айта кетейік, "Таза Қазақстан" акциясы жыл соңына дейін жалғасады.