жексенбі, 23 маусым, 2024 7:39

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Таза Қазақстан»: облыста тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағы абаттандырылды

«Таза Қазақстан»: облыста тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағы абаттандырылды
Сурет: jambylinfo.kz
Ауқымды шараның екінші аптасы тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын абаттандыруға арналған

«Таза Қазақстан» республикалық акция аясында өңірде «Таза ауыл. Таза өлке. Таза ел!» экологиялық науқаны жалғасып жатыр. Тараз қаласында «Таза өлке» апталығы аясында көп қабатты үйлердің аулаларына, қала көшелеріне санитарлық тазалық жұмыстары жүргізіліп, 2 175 ағаш көшеттері отырғызылған, деп хабарлайды jambylinfo.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

Шаһарда «Киелі мекен» екінші апталығы аясында тарихи-мәдени ескерткіштердің маңын абаттандыру жұмыстары ұйымдастырылып, 5 146 ағаш көшеттері мен 500 гүл егілді.

Т. Рысқұлов ауданында да ауқымды жұмыстар атқарылды. 3000 мыңнан астам аудан тұрғыны 81 тарихи-мәдени ескерткіш орналасқан саябақтар және аллеялар маңына абаттандыру, сондай-ақ ЮНЕСКО-ның бүкіл әлемдік мұралар тізіміне енген Құлан қалашығының қоршауын сырлау, әктеу және шөбін шабу жұмыстарын жүргізді. Апталық барысында барлығы 300 тал-дарақтар отырғызылып, 200 тоннадан астам күл-қоқыс шығарылды.

Мойынқұмдықтар батыр Биназар Ақеділұлының ескерткіші аумағын абаттандырды. Акцияға 30-ға жуық адам қатысты.

Жамбыл, Жуалы аудандарының тұрғындары ҰОС ардагерлеріне арналған ескерткіш аумағына сенбілік жұмыстарын жүргізді.

Айта кетейік, «Таза Қазақстан» республикалық акциясының келесі апталығы «Жасыл аймақ» деп аталады. Өңірде көшет отырғызу, ағаштарды әктеу шаралары қолға алынатын болады. Осыған сәйкес Тараз қаласы мен барлық аудандарда тазалық жұмыстары апта бойы жүргізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, президент Қасым-Жомарт Тоқаев облыстар мен қалалардың әкімдеріне аумақтарды абаттандыру, көгалдандыру жөнінде бірқатар тапсырма берген болатын. Президенттің тапсырмасына орай, елімізде "Таза Қазақстан" атты ауқымды экологиялық акция бастау алды. Оның аясында әр апта сайын қазақстандықтар тұрғылықты елді мекендерін қоқыстан тазалап, аумақты абаттандырады. Әр аптаның өзіндік мән-мазмұны бар.  Мәселен, науқанның бірінші аптасы "Таза өлке" деп аталып, тұрғындар, қоғам белсенділері мен мекемелер өз аула-жайын тазартуға кіріседі. Одан соң "Киелі мекен" апталығы кезінде қала аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштер аумағы абаттандырылады. Ал "Жасыл аймақ" апталығында ағаш егу жұмыстары жүргізіледі. Жас буын "Өнегелі ұрпақ" апталығы кезінде ардагерлер мен Қарттар үйінің ауласын жинап, қолғабыс жасайды. Ал акцияның соңғы аптасы "Мөлдір Бұлақ" тақырыбымен өтіп, өзен-көл жағасы тазартылады.
 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар