сейсенбі, 22 қазан, 2024 22:31

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Лотоклубтар ай сайынғы 6 млрд теңге табысының 70 пайызын шетелге жібереді – ІІМ

Лотоклубтар ай сайынғы 6 млрд теңге табысының 70 пайызын шетелге жібереді – ІІМ
ашық дереккөзі
Лотоклубтар ай сайынғы 6 млрд теңге табысының 70 пайызын шетелге жібереді – ІІМ
Қазақстандағы лотоклубтардың барлығы ай сайын орташа есеппен 6 млрд теңге табыс табады. Бұл қаражаттың 70 пайызы шетелге кетеді. Бұл туралы ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы Қуандық Алпыс мәлім етті, деп хабарлайды jambylinfo. Оның айтуынша, Қазақстанда заңсыз лотоклуб ұйымдастырған бір адамның есепшотына ай сайын шамамен 900 млн теңге түсіп отырған. «Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында бір ғана өңірдің лото клубтарының ай сайынғы жиынтық табысы орта есеппен 300 млн теңгені құрайтыны анықталды, сәйкесінше еліміздің барлық өңірлеріндегі олардың табысы шамамен 6 млрд теңгені құраған. Бұл ретте ақша қаражатының шамамен 70% шетелге шығарылған. Ұйымдастырушылардың біреуінің ғана банктік шотына ай сайын шамамен 900 млн теңге түсіп отырған. Тергеуді ІІМ тергеу департаменті Қылмыстық кодекстің бірнеше баптары бойынша жүргізуде, фигуранттарға ұйымдасқан қылмыстық топ құру, оған басшылық ету және қатысу айыбы тағылуда. Басқа мәліметтер жариялауға жатпайды, – деді Қуандық Алпыс Polisia.kz сайтына берген мәлімдемесінде. Айта кетейік, бұған дейін хабарлағанымыздай, Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстанда заңсыз жұмыс істеген 300-ден астам лотоклубтың қызметіне тосқауыл қойған. Айта кетейік, дереккөздің хабарлауынша, ресми деректерге сәйкес Қазақстанда шамамен 350 мың адам құмар ойындарына салынған. Олардың әрқайсысының орташа қарызы 10 млн теңге шамасына жеткен.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар