сейсенбі, 22 қазан, 2024 20:40

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Астана әкімдігі «Қазақ Елі» монументін қайта жөндеу үшін 50 000 000 теңгеге тендер жариялады

Астана әкімдігі «Қазақ Елі» монументін қайта жөндеу үшін 50 000 000 теңгеге тендер жариялады
ашық дереккөзі
Астана әкімдігі «Қазақ Елі» монументін қайта жөндеу үшін 50 000 000 теңгеге тендер жариялады
Астана қаласы әкімдігінің "Бірлескен мұражайлар дирекциясы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны «Қазақ Елі» монументін жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары үшін 50 000 000 теңгенің лотын жариялады, деп хабарлайды jambylinfo.kz. Тендерге құжат қабылдау мерзімі 2024 жылдың 16 қаңтарынан басталып, 31 қаңтар күні аяқталады. Мемлекеттік сатып алу сайтындағы лоттың техникалық сипаттамасына сүйенсек, кезінде монументтегі бір мүсін Астанадағы ауа температурасына төтеп бере алмайтын желіммен жапсырылған екен.  width= Оның үстіне, мүсін салынған плиталар өте жұқа болған. «Ескерткіштің шығыс жағында көлемі 9*9 метр, биіктігі 1,2 метр мәрмәр тұғырда қоладан жасалған көп фигуралы «Бірлік» мүсіндік ансамблі орналасқан. Мүсіндердің саны 11 дана, әрқайсысының биіктігі 3,5 метр. Қазіргі уақытта «Бірлік» мүсіндік ансамблінің тұғырында қапталған гранит тақталарының қабыршақтануы мен зақымдануы байқалады. Тақталардың қабыршақтануы мен зақымдалуының себебі - олардың маусымдық температураның өзгеруіне төтеп бермейтін байланыстырушы ерітіндіге бекітілуі, сондай-ақ пайдаланылатын плиталардың қалыңдығы шағын ғана болуы. Жоғарыда аталған кемшіліктерді болдырмау үшін беткі гранит плиталарын дәнекерлеу әдісімен металл жақтауға беку қажет. Беткі гранит материалын сатып алғаннан кейін ғана жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын бастау керек», - деп жазылған Астана әкімдігі жариялаған лотта (тендердің техникалық сипаттамасындағы орфография мен пунктуацияны сақталды).  width= Естеріңізге сала кетейік, «Қазақ Елі» монументі 2009 жылы Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетовтің кезінде ашылған. 2019 жылы әкімдік «Мәңгілік ел» арқасы мен «Қазақ Елі» монументін реставрациядан өткізу үшін жобалық-сметалық құжат дайындау туралы тендер өткізген. Ашық дереккөздерге сүйенсек, монументті реставрациядан өткізуге арналған жобалық-сметалық құжаттамына «Қазақ-Қытай МұнайГазЭнергоЖоба» ЖШС жеңіп алған болатын. «Қазақ Елі» монументалды кешені - Қазақстанның Тәуелсіздігі мен ұрпақтар сабақтастығын бейнелейтін сәулет-мүсін кешені. Монументтің биіктігі 91 метр, бұл Қазақстан Тәуелсіз мемлекет болған 1991 жылды білдіреді. Ескерткіш мемлекеттің қорғауында.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар