сейсенбі, 22 қазан, 2024 18:22

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Самат Әбіштің қылмыстық ісі сотқа жолданды

Самат Әбіштің қылмыстық ісі сотқа жолданды
ашық дереккөзі
Самат Әбіштің қылмыстық ісі сотқа жолданды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталып, іс сотқа жіберілді. Бұл туралы Бас прокуратураның “ҚазАқпарат” ақпарат агенттігінің ресми сауалына жолданған жауабынан белгілі болды, деп хабарлайды Jambylinfo.

«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Cотқа дейінгі тергеп-тексеру қызметі С.Әбішке қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтағанын хабарлаймын. ҚР Қылмыстық кодексінің 362-бабының 4-бөлігі бойынша іс қозғалып, сотқа жолданды», - делінген аталған қызметтің басшысы Ризабек Ожаровтың Kazinform агенттігіне берген ресми жауабында.

Дереккөздің мәліметінше, қылмыстық іс аясында Самат Әбіш ауыр салдарға әкеп соқтырған билігін және қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікке ілінген. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы қабылданған. Ол қазір Қазақстан аумағынан шықпаған.

«Қылмыстық істе мемлекеттік құпияларды қамтыған мәліметтер бар екенін ескере отырып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілмейді», - деп хабарлаған Бас прокуратура өз жауабында.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар