Жаңалықтар
Ұлттық қор Қазақстан бойынша неше балаға ақша аударды
- авторjambylinfo.kz
- 1 ақпан, 2024
- 327
Ұлттық қор Қазақстан бойынша неше балаға ақша аударды
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының мәліметінше, Қазақстан бойынша 6 миллионнан астам балаға нысаналы жинақ түскен, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Айта кетейік, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап бағдарламаға 2023 жылдың соңындағы жағдай бойынша кәмелетке толмаған, Қазақстан азаматы болып есептелетін барлық бала “Ұлттық қор - балаларға” бағдарламасының қатысушы ретінде тіркелді. Қазақстан бойынша олардың саны 6 млн баладан асқан.
“Бағдарламаға қатысушылардың жалпы саны - 6 919 131 бала (қоса алғанда, 01.01.2006ж. бастап 31.12.2023ж. дейін туған балалар). Оның ішінде 304 815 қатысушы 2024 жылы 18 жасқа толады (қоса алғанда, 01.01.2006ж. бастап 31.12.2006ж. дейін туған балалар).
Олардың барлығына өткен жыл үшін Қазақстанның Ұлттық қорынан 100 АҚШ доллары және 52 центі мөлшерінде бірдей сома есептелді”,-деп хабарлайды БЖЗҚ баспасөз қызметі,
Бұл ретте қор балалардың шотына түскен осы қаражат тек алғашқы есептеулер екенін ерекше атап өткен,
“Жыл сайын бұл сома Ұлттық қор активтерінің өсуі және инвестициялық кіріс алу есебінен ұлғайып отырады. Бұдан бөлек, есептелген қаражат Ұлттық қордың валюталық активтерінің құрамында инвестициялануын жалғастырады және Бағдарламаға қатысушы балаларға олар 18 жасқа толғанға дейін қосымша инвестициялық кіріс әкеледі”,-дейді БЖЗҚ.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала