....

....

сенбі, 2 наурыз, 2024 13:06

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы тағайындалды

Мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы тағайындалды
ашық дереккөзі
Мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы тағайындалды
Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Әбдіқазиев Ғалым Қамбарұлы облыс әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Jambylinfo. Әбдіқазиев Ғалым Қамбарұлы 1973 жылы туған. Жамбыл гидромелиорация құрылыс институтын «автомобильдер және автомобиль шаруашылығы», М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «мемлекеттік және жергілікті басқару», сондай-ақ, «тау-кен ісі» мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын 1990 жылы Тараз қаласындағы «Дауыл» жеке фирмасының сатушысы болып бастаған. 1996-1999 жылдары «Шығыс-Таңы» ЖШС-нің қойма меңгерушісі, іс жүргізушісі, директорының орынбасары, 2000-2005 жылдары «Тараз көлік жолы» ЖШС-нің сауда бөлімінің басшысы, 2005-2010 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бас маманы, бөлім басшысы, басқарма басшысы, 2011-2012 жылдары «ТТК Казатомөнеркәсіп жолдары» ЖШС-і филиалының директоры, 2013-2014 жылдары М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің мемлекеттік сатып алу және материалдық-техникалық жабдықтау бөлімінің басшысы, 2014-2016 жылдары «Адал Сенім Строй» ЖШС-нің директоры, 2016-2017 жылдары ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі Министрлігі Мемлекеттік резервтер комитетінің «Резерв» РМК-нің мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы, 2017-2023 жылдары «Адал Сенім Строй» ЖШС-нің директоры қызметтерін атқарған. 2023 жылдың желтоқсан айынан бастап Жамбыл облысы әкімі көмекшісінің міндетін атқарушы лауазымында еңбек етіп келді.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар