Ұлттық қор – балаларға: 35 млн доллар тұрғын үй мен білім алуға жұмсалды
- авторСадуақас Айсұлу
- Бүгін, 15:58
- 47
2024 жылғы 1 ақпан мен 2026 жылғы 1 ақпан аралығында жас қазақстандықтар тұрғын үй мен білім алуға барлығы 35,2 млн АҚШ долларын пайдаланды. Бұл үшін 223 785 өтініш толық орындалды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Тұрғын үйге: 139 759 өтініш, 22,09 млн доллар. Негізгі бағыттар – жинақ шоттарын толықтыру, ипотекалық бастапқы жарна, жеке меншік тұрғын үй сатып алу.
Білімге: 84 026 өтініш, 13,11 млн доллар. Негізгі бағыттар – Қазақстандағы оқу ақысы, білім жинақтарын толықтыру, шетелдік оқу орындарына төлем.
Кәмелетке толған әр азамат өз қаражатын толық пайдалана алады, ал пайдаланылмаған сома жинақ шотында сақталады.
Бағдарламаға қатысатын балаларға әр жыл сайын инвестициялық табыс есебінен қосымша қаражат есептеледі. Мысалы:
3 жыл қатысқан бала – 370,56 доллар
2 жыл қатысқан бала – 263,93 доллар
1 жыл қатысқан бала – 130,71 доллар
Өз шотыңыз туралы ақпаратты БЖЗҚ немесе eGov жеке кабинет арқылы алуға болады. Онлайн өтініш беру үшін АҚШ долларында банктік шот ашып, уәкілетті операторларға жүгінуге болады:
«Отбасы банкі» (тұрғын үй және білім)
«Халық банкі» (білім)
«Банк ЦентрКредит» (білім)






