Жамбылда «күлдіретін газды» жарнамалаған 65 сайт бұғатталды
- авторСадуақас Айсұлу
- Бүгін, 15:25
- 50
Жамбыл облысында «күлдіретін газ» ретінде белгілі азот тотығын жарнамалаған 65 интернет-сайт бұғатталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда күшті әсер ететін заттардың, оның ішінде азот тотығының заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілікті көздейтін заңнамалық түзетулер күшіне енді.
«Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Жамбыл облысы полиция департаменті өңірде есірткі өндірісі мен тыйым салынған заттардың таралуына жол бермеу бағытында кешенді шаралар қабылдауда.
Облыстық полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.
Қаңтар айында басқарма қызметкерлері азот тотығын жарнамалап, оны пайдалануды насихаттаған 65 интернет-ресурсты анықтап, бұғаттады.






