Жаңалықтар
Ұлттық қордан балаларға алғашқы сома қашан түсетіні белгілі болды
- авторjambylinfo.kz
- 26 қазан, 2023
- 187
Ұлттық қордан балаларға алғашқы сома қашан түсетіні белгілі болды
"Ұлттық қор - балаларға" жобасы аясындағы алғашқы ақша балалардың шотына 2024 жылдың 1 ақпанынан бастап түседі: Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында бүгін Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков айтты, деп хабарлайды Жамбылинфо Ulysmedia.kz. сайтына сілтеме жасап.
– Бағдарлама 2024 жылдың 1 қаңтарынан басталады. Ақшаны есептеп болып, бір балаға шаққандағы соманы анықтау үшін бір ай қажет. Бұл қарапайым арифметика - 18 жылдағы инвестициялық табыстың 50%-ы 18 жасқа дейінгі қазақстандықтардың санына бөлінеді. Осылайша, әрқайсысы бөлінген соманы алады, - деп түсіндірді спикер.Оның айтуынша, 1 ақпаннан кейін 18 жасқа толатындар ақша алу үшін электронды платформа арқылы жүгінуге құқылы. Еске сала кетейік, осыдан бір апта бұрын Ұлттық қордан балаларға ақша бөлуді көздейтін заң жобасы Сенатта айналып, Мәжіліске қайта жолданған еді. Мәжіліс депутаттары құжатқа сенаторлар енгізген түзетулермен келісті.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала