....

....

сенбі, 2 наурыз, 2024 13:06

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Жамбыл облысында жаттықтырушы өз ақшасына спорт кешенін салған

Жамбыл облысында жаттықтырушы өз ақшасына спорт кешенін салған
ашық дереккөзі
Жамбыл облысында жаттықтырушы өз ақшасына спорт кешенін салған
👏Жаңаталап ауылында Талғат Тойшыбеков есімді жаттықтырушы өз ақшасына шағын спорт кешенін салған. Енді балалар спортзал үшін көрші ауылға барудың қажеті жоқ. Спорт кешенінің құрылысына 22 миллион теңге жұмсалды. Қаражаттың басым бөлігі жаттықтырушының жеке ақшасы, мал шаруашылығынан түскен табыс. Спорт нысанының құрылысына жергілікті тұрғындар да үлес қосты. Талғат еркін күресті тегін үйретіп, талай спортшыларды дайындап үлгерген. Олардың қатарында еңбек сіңірген спорт шеберлері, түрлі деңгейдегі жарыстардың жеңімпаздары, жүлдегерлері бар. Сонымен қатар, биылғы жылы ауылдың бірнеше спортшылары Азия ойындарына қатысты. «Бәйтерек кенті мәдениет үйінің ғимаратында бізде де осындай спорт залы бар. Жаңаталап ауылында зал мәселесімен қиын болды. Жергілікті тұрғындармен келісіп, осындай спортзал салуды шештік. Балалар жылы болды, енді республика күніне орай біз бұл залды аяқтадық. Зал қазіргі заманға сай жабдықталған. Душ, жылы еден, жылыту, барлығы бар», - дейді Талғат Тойшыбеков. Дереккөз: @khabar24_tv
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар