жексенбі, 18 мамыр, 2025 21:57

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ұлы Жеңістің 80 жылдығы: Жамбылдықтар даңқты батыр Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл қойды

Ұлы Жеңістің 80 жылдығы: Жамбылдықтар даңқты батыр Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл қойды
Aq jol
Бүгін, 9 мамыр – Жеңіс күніне орай Тараз қаласындағы Бауыржан Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағында орналасқан батырдың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Тәрбиелік тағылымы мол жиынға аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев, облыстық мәслихат хатшысы, қала әкімі, құқық қорғау органдары мен этномәдени орталықтардың өкілдері және ардагерлер кеңесінің мүшелері қатысты.

Сонымен бірге салтанатты шараға тыл еңбеккерлері мен Ұлы отан соғында опат болған батырлардың ұрпақтары жиналды.

Гүл қою рәсімінде көпшілік қиян-кескі ұрыс даласында Жеңіс үшін жанын қиған боздақтарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Айта кетейік, қазіргі таңда Жамбыл облысында небары 5 ҰОС ардагері қалды. Атап айтқанда, олардың қатарында Мүтәліп Ережепбаев, Генадий Иванов, Иван Макеев, Григорий Нещеретнев және Шалданбай Шаңбаев бар.
 

Арайлы Жақсылық
Автор

Арайлы Жақсылық

Арайлы Жақсылық

Ұқсас жаңалықтар