дүйсенбі, 12 мамыр, 2025 19:14

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ұлы Жеңістің 80 жылдығы: Тараздағы «Даңқ» аллеясына жиылған жұртшылық майданда оққа ұшқан батырларды үнсіздікпен еске алды

Ұлы Жеңістің 80 жылдығы: Тараздағы «Даңқ» аллеясына жиылған жұртшылық майданда оққа ұшқан батырларды үнсіздікпен еске алды
Jambylinfo.kz
Тарихымызда талай боздақтың қанымен таңбаланған Ұлы Жеңісті еншілегенімізге биыл 80 жыл толып отыр.

Бүгінде қан майданда Отан үшін, жер үшін соғысып, майдан даласында болған ата-бабаларымыздың ерліктерін құрметтеп, олардың рухына бас ию кейінгі буынның парызы.

Осы орайда бүгін Ұлы Жеңіс мерекесінде “Қант зауыты” зауыты алқабындағы «Даңқ» аллеясында гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Аталған іс-шараға облыстық басқармалардың өкілдері, зиялы қауым мен қала тұрғындары қатысты. 

Ескерткіш алдына жиналғандар Ұлы Жеңіс үшін жан берген батыр бабаларды бір минуттық үнсіздікпен еске алып, құрмет көрсетті. 

•⁠  ⁠Ұлы Жеңіс әрбір майдангердің ерлігін айғақтайтын ұлы күн. Сол бір қаралы жылдары Жамбыл облысынан қан майданға 120 мыңнан астам жауынгер аттанған екен. Тағдырдың жазуымен 32 мың жауынгер туған топырағына оралған жоқ. Енді сол бір алмағайып заманда Отан үшін от кешкен, шаһит болған батырларды еске алу, олардың ерлігін дәріптеу бүгінгі ұрпақтың міндеті. Майданда ерен ерлік көрсеткен 39 жамбылдық Кеңес Одағының Батыры атанса, 9 жерлесіміз «Даңқ» орденінің толық иегері атанды. Расында жеңіс бізге оңайлықпен келген жоқ. Сол үшін де біз осы құндылықты қадірлеуіміз керек, - деді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Ғали Райымқұл.

Бұдан кейін жиналған жұрт тастұғырға гүл шоқтарын қойып, тағзым жасады. 

Бұдан кейін бірқатар тұлға мерекелік Алғыс хаттар және сыйлықтармен марпатталды.

9 мамыр – Ұлы Жеңіс мерекесі Әулиеата өңірінде кең көлемде атап өтілуде. Бұл күні Тараздағы  Ұлы Отан соғысы қаһармандарының ескерткіштеріне гүл қойылып, тағзым етіледі.

Арайлы Жақсылық
Автор

Арайлы Жақсылық

Арайлы Жақсылық

Ұқсас жаңалықтар