жексенбі, 30 наурыз, 2025 3:23

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Мәжілісте психология саласының проблемалары қаралды

Мәжілісте психология саласының проблемалары қаралды
Мәжілістің телеграм каналы
Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінде «Психология Қазақстандағы кәсіп және ғылым ретінде: проблемалары мен шешу жолдары» туралы кеңейтілген тақырыптық отырыс өтті.

Жиынға комитет төрағасы Асхат Аймағамбетов жетекшілік етіп, депутаттар, мемлекеттік орган өкілдері мен сарапшы мамандар қатысты, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz. 

– Өкінішке қарай елімізде кешенді ғылыми зерттеулер жеткіліксіз. Психологиялық қызмет мәселесі толығымен құқықтық тұрғыда реттелмеген. Тиісті нормалар бар, бірақ олар шашыраңқы және біршама мәселелерді реттемейді. Осы және басқа да мәселелерді жан-жақты қарастыруымыз керек, – деді А.Аймағамбетов.

Мәжіліс депутаты Айна Мысырәлімова психикалық денсаулық орталықтарында 300 мыңнан астам адам тіркелгенін, бұл Қазақстан халқының 1,5 пайызын құрайтынын айтты. Ал Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан өткен жылы жергілікті атқарушы органдардың психологиялық қолдау орталықтарын құру жөніндегі құзіреті заңнамамен бекітіліп, 20 өңірде психологиялық қолдау орталықтары ашылғанына тоқталды. 

Депутаттар баяндамаларды тыңдаған соң саладағы мәселелерді шешу мен реттеуге қатысты ұсыныс, пікірлерін ортаға салды. Сөз соңында комитет төрағасы бүгінгі тақырыпқа қатысты арнайы заң жобасы дайындалып жатқанын, оған қатысты ұсыныстар жұмыс тобында жинақталатынын айтты

Арайлы Жақсылық
Автор

Арайлы Жақсылық

Арайлы Жақсылық

Ұқсас жаңалықтар