бейсенбі, 27 наурыз, 2025 7:32

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Парламент қарауына қосымша құн салығының мөлшерін 16%-ға дейін көтеру туралы түзетулер енгізілді

Парламент қарауына қосымша құн салығының мөлшерін 16%-ға дейін көтеру туралы түзетулер енгізілді
ашық дереккөз
Ұлттық экономика министрлігі Парламент Мәжілісіне Салық кодексінің жобасына түзетулер пакетін ұсынды.

Бұл өзгерістер салықтық әкімшілендіруді жетілдіруге бағытталған, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Негізгі түзетулер мыналарды қамтиды:
•⁠  ⁠ҚҚС бойынша міндетті тіркеуге қою шегін 20 000 АЕК-тен (78,6 млн теңге) 3 800 АЕК-ке (15 млн теңге) дейін төмендету;
•⁠  ⁠ҚҚС мөлшерін 12%-дан 16%-ға көтеру, ал кейбір салалар үшін 10%-дық төмендетілген мөлшерлеме белгілеу;
•⁠  ⁠Қарапайым декларация бойынша арнайы салық режимін қолдануды шектеу — бұл режим тек B2C сегменті (бизнес соңғы тұтынушыларға) үшін қолжетімді болады.

Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасеновтың айтуынша, бөлшек сауда (дүкендер, мейрамханалар, киім және аяқ киім сатушылар) үшін ештеңе өзгермейді — олар, бұрынғыдай, егер олардың жылдық табысы 2,4 млрд теңгеден аспаса, айналымнан 4% төлейтін болады.

«Ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілер ҚҚС төлемейді, бұл бағалардың деңгейіне оң әсер етеді», — деп мәлімдеді Сенат кулуарында ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов.

«Сондай-ақ, арнайы салық режимін қарапайым декларациямен қолдану шектеліп, тек B2C сегменті үшін қолжетімді болатынын атап өткен жөн. Мұнда бөлшек сауда салығы 4%-ды құрайтынын және оны бөлшек саудада жұмыс істейтін компаниялар — кішігірім дүкендер, киім және аяқ киім сатушылар, мейрамханалар, сондай-ақ басқа да тұтынушыларға тауар сататын кәсіпорындар төлейтінін айта кету қажет. Бұл салық жылдық айналымы шамамен 2,4 млрд теңгені құрайтын кәсіпорындардан алынатын болады. Бұл сегмент үшін жағдайлар өзгеріссіз қалады: бұрын олар айналымнан 4% төлесе, сол молшерлемені әрі қарай да төлей береді», — деп қосты вице-министр.

Арайлы Жақсылық
Автор

Арайлы Жақсылық

Арайлы Жақсылық

Ұқсас жаңалықтар