сенбі, 13 желтоқсан, 2025 17:48

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Мектеп оқушылары қысқы каникулда қанша күн демалады?

Мектеп оқушылары қысқы каникулда қанша күн демалады?
Фото: Depositphotos
Оқушылар қысқы каникулда 10 күн демалады.

Қысқы каникулдың нақты басталу және аяқталу күндері жыл сайынғы академиялық күнтізбе арқылы бекітіледі және барлық білім беру ұйымдарына бірдей қолданылады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

2025/2026 оқу жылына арналған кестеге сәйкес, қысқы каникул 2025 жылдың 29 желтоқсанында басталып, 2026 жылдың 7 қаңтарына дейін созылады. Оқушылар 10 күн демалады, ал сабақ 8 қаңтарда басталады.

Қысқы каникул – оқу жылының бірінші жартысында оқушылардың білім жүктемесін жеңілдетіп, денсаулығын нығайтуға бағытталған жоспарлы демалыс кезеңі. Қолданыстағы оқу үрдісіне сәйкес, қысқы демалыс әдетте 10–14 күн аралығында белгіленеді.

Демалыс мерзімі, негізінен, желтоқсан айының соңына сәйкес келеді және жаңа жылдың алғашқы күндеріне дейін жалғасады. Бұл уақыт аралығында оқушылар бір тоқсандық оқу бағдарламасынан кейін толыққанды тынығып, алдағы оқу кезеңіне психологиялық әрі физикалық тұрғыдан дайындалуға мүмкіндік алады.

 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар