сенбі, 13 желтоқсан, 2025 19:07

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Тәуелсіздік күніне орай ХҚО-лардың жұмыс кестесі өзгерді

Тәуелсіздік күніне орай ХҚО-лардың жұмыс кестесі өзгерді
Фото: GOV.KZ
Тәуелсіздік күніне орай халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс тәртібі белгілі болды

Елімізде 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне байланысты халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары бұл күні жұмыс істемейді,  деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Азаматтардың жұмыс күндеріне арналған кесте төмендегідей:

15 желтоқсан (дүйсенбі) – жұмыс күні;
16 желтоқсан (сейсенбі) – демалыс күні, Тәуелсіздік күні;
17–19 желтоқсан (сәрсенбі–жұма) – жұмыс күндері.

«Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған орталықтар әдеттегі жұмыс күндері дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін қызмет көрсетеді. Кезекші ХҚО-лар жұмыс күндері 09:00-ден 20:00-ге дейін, ал сенбі күні 09:00-ден 13:00-ге дейін ашық болады», – деп мәлімдеді “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы.

Кезекші мамандандырылған ХҚО-ларда өтініштер жұмыс күндері 09:00–18:00 аралығында қабылданып, дайын құжаттар 20:00-ге дейін беріледі.

Ал сенбі күні өтініш қабылдау 09:00–12:00 аралығында жүргізіліп, дайын құжаттар 13:00-ге дейін тапсырылады.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар