сенбі, 13 желтоқсан, 2025 19:01

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Шығыс Қазақстанда өсімдік майын өндіретін ірі өндіріс орны іске қосылды

Шығыс Қазақстанда өсімдік майын өндіретін ірі өндіріс орны іске қосылды
Фото: АШМ
Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Өскеменде Шығыс Қазақстан облысындағы май өнеркәсібі саласында заманауи және ең жоғары технологиялы кәсіпорындардың бірі саналатын ALTAI MAI толық циклді май экстракциялық зауытының салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Жаңа кешен майлы дақылдарды өңдеудің шикізатты қабылдаудан бастап оны дайындау, экстракциялау, рафинациялау және дайын өнімді қаптауға дейінгі барлық кезеңдерін қамтиды.

Жобаны жүзеге асыру 2021 жылы басталды. Жалпы инвестиция көлемі 26 миллиард теңгеден асты, оның ішінде 2,5 миллиард теңге жергілікті бюджеттен бөлінді.

Кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы – тәулігіне 500 тонна күнбағыс дәні. Зауыт өсімдік майлары, шрот және пеллеттер өндіреді, бұл шикізатты тиімді пайдалану мен ішкі және сыртқы нарықта сұранысқа ие өнім түрлерін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Компания өкілдері әрбір шикізат партиясы көпсатылы сапаны бақылаудан өтетінін, өндірісте экологиялық таза технологиялар енгізілгенін, олар қоршаған ортаға әсерді азайтып, халықаралық стандарттарға сәйкес келетінін айтады. 

Мұндай тәсіл дайын өнімнің жоғары сапалылығын және өндірістің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Бөлісу:
Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар