Бүгін Сенат білімді балаларды қолдауға арналған заңды мақұлдады
Сенат депутаттары мектеп түлектері үшін "Болашақ" бағдарламасы аясында халықаралық Олимпиадалар мен ғылыми конкурстарда жеңіске жеткендерге әлемнің ең үздік университеттеріне бакалавриат деңгейінде білім алуға мүмкіндік беретін заңды қабылдады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Сенатор Әсем Рахметованың
айтуынша, бұл норманың мақсаты – дарынды жастарды қолдау және еліміздің адами капиталын дамыту.
"Олимпиадаларда үздік нәтиже көрсетіп жүрген оқушыларымыз аз емес. Соның ішінде, робототехника, математика, физикадан жоғары нәтижеге жетіп жатқан балалар көп. Өздеріңіз білесіздер, бұрын «Болашақта» тек магистратура мен докторантура ғана болды. Енді осы халықаралық олимпиададан жеңген балаларға бакалавриат ашылып отыр", - дейді депутат.