бейсенбі, 23 қаңтар, 2025 23:22

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда алғашқы мопед заңды түрде тіркелді

Жамбылда алғашқы мопед заңды түрде тіркелді
Сурет: Жамбыл облыстық Полиция департаменті
Бұл туралы Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады

Тараз қаласында ресми түрде алғашқы мопед тіркелді. Облыс орталығының 18 жастағы тұрғыны көлік құралын тіркеу туралы куәлік пен мемлекеттік нөмір алды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

«Тіркеу процедурасы өте қарапайым. Мен жеке куәлігімді және мопедтің техникалық сипаттамаларын алып, арнайы ХҚКО-ға жүгіндім. Тексеруден өтіп, мемлекеттік баж салығын төледім, содан кейін техникалық паспорт пен нөмір алдым. Барлық мопед иелерін жаңа маусымды заңды және ережеге сай бастауды шақырамын», – деді жас жігіт.

2025 жылғы 5 сәуірден бастап мопедтерді тек полицияда тіркеуден өткізіп, A1, А немесе В санатындағы жүргізуші куәлігі, техникалық тексеріс пен азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру болған жағдайда ғана пайдалануға болады.

– Мопедтерді тіркеу үшін олардың иелері жеке куәлік немесе оның цифрлық нұсқасын, сондай-ақ мопедтің техникалық құжаты немесе сипаттамалары туралы мәліметтерді ұсынуы қажет. Арнайы ХҚКО-да өтініш толтырып, көлік құралын тексеруден өткізіп, мемлекеттік баж салығын төлеу керек (11 403 теңге), – деп мәлімдеді Жамбыл облысы ПД процессинг орталығының бастығы Айбек Көшеков.

Жамбыл облысының Полиция департаменті мопед иелеріне оларды қазірден тіркеп, жүргізуші куәлігі жоқ адамдарға қажетті санат бойынша авто-мектептерде оқуды ұсынады. Қосымша сұрақтар бойынша сағат 09:00-ден 19:00 арасында 8 (7262) 99-76-46 телефонына хабарласуға болады.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар